ТЖД өкілдері Жамбыл облысының халқына үндеу жасады
26 қыркүйекте сағат 11.00-де «Бекет-2024» ведомствоаралық кешенді оқу-жаттығу аясында облыс аумағында электросиреналар қосылады.
Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға 26 қыркүйекте оқу-жаттығу аясында сиреналар іске қосылатынын айтып, маңызды ескерту жасады.
«Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті 2024 жылғы 26 қыркүйекте сағат 11.00-де «Бекет-2024» ведомствоаралық кешенді оқу-жаттығу аясында облыс аумағында электросиреналар мен сиреналық-сөйлеу құрылғыларын қосу және теле-радио арналарын үзіп тарату арқылы «Баршаның назарына!» сигналын беру жүргізілетіндігін хабарлайды. Тыныштық сақтауларыңызды өтінеміз!», - делінген хабарламада.