Оралда полиция қызметкері әйелді қағып, мерт қылды
Ол ішкі істер органдарынан босатылды
«ВАЗ-21703» автокөлігінің жүргізушісі жолдың жүріс бөлігін белгіленбеген жерден өтіп бара жатқан әйелді қағып кетеді. Бұл туралы БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қайғылы оқиға 19 қыркүйекте сағат 06:15 шамасында Орал қаласында Пугачев көшесінде болды.
Зардап шеккен тұрғын алған жарақаттарынан ауруханада қайтыс болды.
Полицияның мәліметінше, көлік тізгінінде полиция қызметкері болған.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізілуде. Автомашина арнайы тұраққа қамалды. Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Ол ішкі істер органдарынан босатылды, - делінген хабарламада.