ІІМ: Ұлттық ұлан сарбазын ұрып-соққан күдікті анықталды
Президенттің тапсырмасынан кейін Ішкі істер министрлігі мәлімдеме жасады.
Әлеуметтік желіде пойыз тамбурында Ұлттық ұлан сарбазын ұрып-соққан видео анықталды. Бұл 2023 жылдың күзінде, қызмет мерзімі аяқталғаннан кейін запасқа шығарылған мерзімді әскери қызметшілер үйге оралған кезде болған, деп хабарлады turkystan.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Осы факт бойынша 2024 жылғы 23 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 440-бабы 1-бөлігі “Әскери қызметшiлер арасында бағыныштылық қатынастар болмаған кезде олардың арасындағы өзара қарым-қатынастардың жарғылық қағидаларын бұзу” бойынша қылмыстық іс қозғалды. Барлық қатысушы, атап айтқанда, куәгер, жәбірленуші және күдіктілер анықталды. Күдіктілерді ұстауға бағытталған шаралар қабылданды. Тергеу барысы Ішкі істер министрі Ержан Саденовтың жеке бақылауында", - делінген хабарламада.