Жаңалықтар

Ақмола облысында заңсыз балық аулаған браконьерлер ұсталды

сурет ашық дереккөзден алынды

Жүкей көлінде браконьерлер ұсталды.

Полицейлер бір аптаның ішінде ұлттық саябақтың аумағында браконьерліктің үшінші фактісін анықтады, деп хабарлады turkystan.kz.

2024 жылдың 22 қыркүйегінде Біржан-Сал полиция бөліміне сағат 23:00 шамасында “Бурабай” МҰТП Темноборский орманшылығының Жүкей көлінде заңсыз балық аулаудың кезекті фактісі анықталғаны туралы телефон хабарламасы келіп түскен.

Хабарламада Щучинск – Степняк – Уәлиханов автожолындағы орманшылық қызметкерлері Түркістан облысының 40 жастағы тұрғынының басқаруымен ГАЗ 31105 автокөлігін тоқтатқаны көрсетілген. Оқиға орнына дереу жеткен жедел-тергеу тобы ер адамның көлігінің жүксалғышын тексеру барысында 4 қапшықтан тұқы тұқымды балықты, резеңке қайықты, балық аулау торларын тапты. Бұл жолы браконьерлердің олжасы 160 келіден астам балық болған. Балық ресурстарын заңсыз өндіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.