Астанада жылыту маусымы басталды

24 қыркүйек, 2024 / Өтей Торғайұлы
сурет ашық дереккөзден алынды
Кейбір тұрғын үйлерге жылу беріле бастады.

Сыртқы ауа температурасының төмендеуін ескере отырып, әкімдік 2024-2025 жылыту маусымының басталуы туралы қаулы қабылдады, деп хабарлады turkystan.kz Астана қаласының әкімдігіне сілтеме жасап.

24 қыркүйектен бастап тұрғын үйлерге кезең-кезеңімен жылу беру басталды. Барлық нысандарды толық қосу екі-үш күн ішінде жоспарланып отыр.

Бұған дейін әлеуметтік нысандар олардың өтінімдері бойынша (мектептер, балабақшалар, емханалар) жылытуға қосылған болатын.

Тэгтер:

Астана Астана қаласы әкімдігі