Жаңалықтар

Оралда өткен концертте жүз бала жоғалып кеткен

istockphoto.com

Балалар станционарлық полиция бекетіне жеткізілген.

Оралда Қала күніне арналған гала-концерт кезінде жүз бала жоғалып кеткен. Балалар станционарлық полиция бекетіне жеткізілді, деп хабарлады turkystan.kz сайты «Мой город» желілік басылымына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, 21 қыркүйек кешке Қала күніне орай өткен гала-концерт кезінде 100 бала жоғалып кеткен.

Балалар станционарлық полиция бекетіне жеткізілген.

Сондай-ақ бұл күні қалада 19 ұсақ бұзақылық дерегі тіркеліп, 23 адам ішімдік ішкені үшін ұсталып, 38 адам Уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына жеткізілген.

Бұған қоса төрт жүргізуші мас күйінде ұсталған.