Жаңалықтар

Елордада Диснейланд салынбақ (ФОТО)

instagram

Инвесторлар жобаның ең жоғары сапасы мен бірегейлігін қамтамасыз ету үшін Шанхайдағы Диснейлендті жасаған дизайнерлерді пайдалануға ниетті екенін мәлімдеді.

Астанада «Жібек жолы» деген атаумен Шанхай қаласындағыдай Диснейленд салынады, деп хабарлады turkystan.kz сайты «Астана архитектурасы» Instagram парақшасына сілтеме жасап.

Ірі жобаға байланысты елордада келіссөз өткен. Келіссөз Шанхайдағы Диснейлендке ұқсас ойын-сауық саябағын салу жөніндегі жобаға арналды. Астана қаласы әкімдігінің Astana Invest кеңсесінде басқарма төрағасының орынбасары Орынбек Қуаныш инвесторлармен кездесу өткізген.

«Жібек жолы» деп аталатын бұл ойын-сауық кешені Қазақстан мен Қытайдың мәдени ерекшеліктерін үйлестіреді. Инвесторлар жобаның ең жоғары сапасы мен бірегейлігін қамтамасыз ету үшін Шанхайдағы Диснейлендті жасаған дизайнерлерді пайдалануға ниетті екенін мәлімдеді. Бұл саябақтың негізгі идеясы – ойын формалары арқылы балалар тек көңіл көтеріп қана қоймай, сонымен қатар екі елдің мәдениетінің байлығы мен алуан түрлілігін үйреніп, түсіне алатын кеңістік құру», - делінген хабарламада.

Кездесу барысында тараптар жобаны жүзеге асыруға қатысты бірқатар негізгі мәселелерді талқылаған.