Сот «Zara» және «OYSHO» сауда белгілерінің құқығын қорғады
Бренд баламаларын сату үшін лицензия мен рұқсат қажеттігін білмеген.
Жеке кәсіпкер Zara және Оysho брендтерінің сауда белгілері бар киімдерді (майка, шалбар, джинсы, көйлек, т.б.) көтерме бағадан төмен бағамен сатып алып, өз дүкеніне сатуға қойған, деп хабарлайды turkystan.kz.
Мұны көрген «Zara» және «OYSHO» өкілдері жеке кәсіпкердің үстінен арыз жазған.
Бренд компанияның өкілдері мен әділет департаментінің қызметкерлері жеке кәсіпкердің бутигінен құны 2 млн теңгеден асатын 117 тауарды тәркіледі.
Сот жеке кәсіпкерді «тауарлық белгілерді заңсыз пайдалану» бабы бойынша кінәлі деп таныды.
Жеке кәсіпкер 100 мың теңге әкімшілік айыппұл төледі.
«Zara» және «OYSHO» компанияларының құқықтарын бұзғаны үшін кәсіпкерлен 2 миллион теңгеден астам қаражат өндірілді.