Қоғам

«Ұят қайда?»: Актер Тәуекел Мүсілім тұрғындардың мәдениетін сынға алды

Актерге көптің қоқыс шығару тәсілі ұнамай қалған.

Белгілі актер өзі тұратын тұрғын үй кешеніндегі тұрғындарды сынға алған, деп жазды turkystan.kz.

«Шаңсорғыштың қобдишасын тазарту үшін сыртқа шыққан едім. Қоқыс тастайтын жердің сыйқы – мынау. Адамдар неге сонша мәдениетсіздік танытады? Мына жерге жақындау мүмкін емес. Арғы жағында бос тұрған қоқыс жәшіктері әлі де толмаған. Соған қарамастан тұрғындар қоқыстарын жерге тастай салған. Иә, білемін, мұны тазартып жинайтын жұмысшылар болады. Бірақ солай екен деп шаша бермеуіміз керек қой», - деді Тәуекел Мүсілім әлеуметті желіде.

Атер дәл осы жайлы айтып, кетіп бара жатқан сәтте тағы бір әйел адам қоқысын аталмыш жерге лақтыра салды.

«Айтқанымша болған жоқ, тағы бір кісі қоқысын лақтыра салды. Өзі әйел кісі. Ұят қой», - деді актер.