Спорт

Данияның футбол клубы қазақстандық ойыншының киімін сатылымға шығарды

Сатылымнан түскен ақша қайырымдылыққа жұмсалады.

«Сильекборг» футбол клубы өз ойыншысы Рамазан Оразовтың жейдесін сатылымға шығарды, деп хабарлады turkystan.kz.

«Жексенбі күні «Брондбюге» қарсы ойында Рамазан Оразов киген жейдені иеленуге мүмкіндігіңіз бар. Футболкаға біздің қазақ жұлдызы қол қойған!», - деп жазды клубтың баспасөз қызметі ресми парақшасында.

Айта кетейік, өткен жексенбідегі ойында Р. Оразов алаңға негізгі құрамда шығып, 58 минутта ауыстырылды. Ал оның командасы қарсыласымен 3:3 есебімен тең түсті.