Саясат

Экс-министр Ермек Маржықпаев жаңа қызметке тағайындалды

gov.kz

Ол 2023-2024 жылдары Туризм және спорт министрі болып қызмет атқарды.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімімен Ермек Боранбайұлы Маржықпаев Премьер-Министрдің кеңесшісі болып тағайындалды. 

Ермек Маржықпаев 1969 жылы Астана қаласында дүниеге келген.

Сәкен Сейфуллин атындағы Ақмола мемлекеттік педагогикалық институтын, «Тұран» университетін, Көкшетау университетін бітірген.

Әр жылдары түрлі лауазымдарды атқарды.

2019-2023 жылдары Ақмола облысының әкімі болып қызмет етті.

2023-2024 жылдары — ҚР Туризм және спорт министрі.