Шымкенттегі мұнай өңдеу зауыты уақытша жабылады

Шымкенттегі мұнай өңдеу зауыты уақытша жабылады

Шымкенттегі мұнай өңдеу зауыты уақытша жабылады
ашық дереккөзі
Шымкент мұнай өңдеу зауыты («ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС) 2017 жылдың 20 наурызы мен 1 мамыры аралығында күрделі жөндеуден өткізілетін болғандықтан өндірісті уақытша тоқтатады, деп жазады кәсіпорынның баспасөз қызметі. «Шымкент мұндай өңдеу зауытындағы жоспарлы жөндеу жұмыстарының кестесі Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мақұлдауын алған. Күрделі жөндеу жұмыстары кәсіпорынның қауіпсіздігін арттыру мен ондағы жұмыстың үзіліссіз тұрақты жалғасын қамтамасыз ету мақсатында қолға алынғалы отыр», — делінген хабарламада. Мәліметке сүйенсек, Шымкент МӨЗ жаңғырту және қалпына келтіру жұмыстары аясында қолданыстағы жүйеге жаңа нысандар қосу жоспарланған. «Биыл түсті мұнай өнімдерін қосу құрылғысын енгізу жоспарланған. Бұл құрылғы теміржол цистерналарындағы мотор отынын құю кезінде булану процесін бәсеңдетеді», — делінген хабарламада. Баспасөз қызметінің мәліметінше, Шымкент МӨЗ жаңғырту және қалпына келтіру жобасы Қазақстанның үдемелі индустриялды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында қолға алынған. «Жобаның басты мақсаты — мұнай өңдеу зауытының қызметін әлемдік деңгейдегі талаптарға сай етіп жаңарту», — дейді баспасөз қызметі.