Алматыда секіріп кеткен оқушы қыздың әкесі жазба жариялады
Осыдан бірер апта бұрын Алматыда екі оқушы қыз көп қабатты үйдің шатырынан секіріп, көз жұмған еді.
Қайтыс болған қыздардың бірі Айшаныі әкесі белгілі эколог Евгений Мұхамеджанов, анасы суретші, мүсінші Балқия Мұхамеджанова.
«Осы күндерде бізді қолдаған жандардың бәріне алғысымды білдіремін. Періштемнің басқа әлемге кеткеніне бір апта болды. Болған жағдайды миым әлі толықтай қабылдаған жоқ. Ойымды жұмысқа бөлуге тырысып жүрмін. Бірақ оңай болмай жатыр. Бар үмітіміз тергеу органдарында. Біздің резонанс арқылы басқа істерді егжей-тегжейлі қарауға болады», - деп жазды Евгений Мұхамеджанов.
Ол сондай-ақ өздеріне қарата айтылып жатқан кей сөздердің ауыр тиіп жатқанын да жасырмады.