Жаңалықтар

Өскеменде полиция қызметкері адам қағып кетті

istockphoto.com

Тәртіп сақшысы жеке автокөлігін жүргізіп келе жатқан.

Қайғылы жағдай 18 қыркүйекте болған. Жаяу жүргінші оқиға орнында жан тапсырған, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Полиция қызметкері ВАЗ 21140 жеке автокөлігін жүргізіп келе жатып, өтуге болмайтын жерден жолды кесіп өткен жолаушыны қағып кетті», - делінген полиция баспасөз хабарламасында.

Жолаушы оқиға орнында жан тәсілім еткен.

Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.