Жаһан

Ресей билігі жауын-шашын кезінде таксиді қымбаттатуға тыйым салмақ

сурет: istockphoto.com

Такси туралы заңға енгізілетін түзетулер күзгі сессияда қарастырылуы мүмкін.

Ресейде такси қызметінің жауын-шашын мен төтенше жағдай кезінде бағаны негізсіз көтеруіне тыйым салатын заң жобасы ұсынылды. Түзетулер Ресей Мемлекеттік Думасына енгізілген және оларды ел депутаттары күзде қарамақ. Бұл туралы Известия басылымы хабарлады.

Такси туралы заңға енгізілетін түзетулер күзгі сессияда қарастырылуы мүмкін: барлық фракция депутаттары қолданыстағы реттеуге өзгерістер енгізу жобасын дайындады. Ұсынылған ережелердің ішінде төтенше жағдай мен табиғи апат кезінде бағаны негізсіз көтеруге тыйым салу бар. 

19 қыркүйекте елдің барлық партия өкілдері такси туралы заңға енгізілетін түзетулерді талқылаған. Бұл заң Ресейде 2023 жылдың 1 қыркүйегінде күшіне енген, бірақ оны орындау өте қиынға соққан.