Жаңалықтар

Еңбекшіқазақ ауданында қайғылы жағдай болды

istockphoto.com

Үш адам көз жұмды

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы жол апаты үш адамның өмірін қиды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Zeekr 001 спорттық электромобильінің жүргізушісі Талғар-Есік автожолындағы қарсы жолаққа шығып, Daewoo Matiz автокөлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан Daewoo Matiz-тегі екі жолаушы сол жерде қайтыс болды. Жүргізуші есін жимастан аудандық аурухананың реанимация бөлімінде қайтыс болды.

Жол апаты фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Zeekr 001 жүргізушісі қамауға алынды. Тергеу жалғасуда.

Аймақ полициясы барлық жүргізушілерді жылдамдық режимін, жол қауіпсіздігі талаптарын мүлтіксіз сақтауға және ҚР Жол ережелерін бұзбауға шақырады.