Жаңалықтар

Арасында қазақстандық дипломат бар: Пәкістанда елшілер кортежін алып жүрген полиция көлігі жарылды

istockphoto.com

Үш полиция қызметкері жарақат алып, біреуі қаза тапты

Пәкістанда 12 мемлекеттің елшілері отырған кортежді алып жүрген полиция көлігі минаға тап болып, жарылды, деп хабарлайды 24kz.

Дипломаттардың арасында Қазақстан елшісі де болған. Абырой болғанда, олар дін аман. Алайда үш полиция қызметкері жарақат алып, біреуі қаза тапты.

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, делегация өкілдері Исламабадқа оралды. Олар Исламабад қаласының сауда-өнеркәсіп палатасы ұйымдастырған туризм жөніндегі конференцияға қатысу үшін Сват қаласына бағыт алған еді.