Иранда шахтада жарылыс болып, 50 адам қаза тапты

22 қыркүйек, 2024 / Дана Ізтілеуова
apnews.com
Оқиғаға қатысты тергеу жұмыстары басталды

Иранның Табас қаласындағы көмір шахтасында болған жарылыс салдарынан қаза тапқан адамдар саны 50-ге жетті.

Шахта туннельдерінің бірінде жиналған метан газы салдарынан күшті жарылыс болған. Жарылыс кезінде В және С блоктарында 69 адам болыпты.

Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Оқиғаға қатысты тергеу жұмыстары басталды.

Тэгтер:

Жарылыс шахта иран