Алматыда университет аумағынан адам сүйегі табылды

22 қыркүйек, 2024 / Дана Ізтілеуова
t.me/almaty_my
Сүйектер академия аумағындағы инженерлік желілерді жөндеу кезінде табылған

Желіде Алматыдағы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара академиясының аумағынан адам сүйегі табылғаны туралы хабарлама тарады.

Сүйектер академия аумағындағы инженерлік желілерді жөндеу кезінде табылған.

Медеу аудандық полиция бөлімі ескі жерлеудің табылуы бойынша тергеу жүргізіп жатыр.

Тэгтер:

Алматы адам