Спорт

Рыбакина тағы бір халықаралық турнирге қатыспайтын болды

Championat.com

2023 жылы ол тура осы жарыстың жартылай финалына дейін жеткен болатын

Әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина Бейжіңде (Қытай) өтіп жатқан WTA-1000 халықаралық турниріне қатысудан бас тартты. 

Рыбакинаның мұндай шешім қабылдауына арқасындағы жарақаты түрткі болды. 2023 жылы ол тура осы жарыстың жартылай финалына дейін жеткен болатын.

Рыбакина осымен үшінші турнирге қатысудан бас тартып отыр. Ол АҚШ-тың Ашық чемпионаты мен Сеулдегі Әлем чемпионатына қатыспады.