Алматыда өткен турнирде қазақстандық кәсіпқой боксшы Руслан Мәдиев WBA Asia белбеуінің иегері атанды.
Ол жеңіліп көрмеген ресейлік боксшы Тигран Согоянмен жұдырықтасты.
Жартылай орта салмақтағы (66,7 келі) жекпе-жек 10 раундқа жоспарланған және барлық белгіленген қашықтыққа созылды. Нәтижесінде қазақстандық боксшы бірауыздан жеңіске жетті.