Қоғам

Алматыда ҰҚК Шекара академиясының курсанты қаза тапты

istockphoto.com

Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр

Желіде ҰҚК Шекара академиясы курсантының қаза тапқаны туралы ақпарат тарады.

Қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл факті бойынша Медеу аудандық полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады.

Мәлімет бойынша, түнгі уақытта 19 жастағы жігіт Алматыдағы Достық даңғылындағы көпқабатты үйден секіріп кеткен.

Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр.