Қоғам

Шымкентте пойыз басып кеткен ер адам қайтыс болды

istockphoto.com

Ер адам жарақатының ауыр болғанынан оқиға орнында көз жұмды

Шымкентте шамамен 30-35 жастағы ер адам 21 қыркүйек сағат 22.00-лер шамасында пойыз астында қалып мерт болды.

Оқиға Исмайлов (бұрынғы Громов)-Жангелдин көшелерінің қиылысына жақын маңнан өтетін теміржолда болған.

Ер адам жарақатының ауыр болғанынан оқиға орнында көз жұмды.

Оқиғаның мән-жайын полиция анықтайды.