Қоғам

Алматыдағы «Мята» лаундж-барында атыс болды

inbusiness.kz

Бостандық аудандық полиция бөлімі аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғағанын хабарлады

Атыс сенбі күні Алматыдағы Жандосов пен Гагарин көшелерінің қиылысындағы “Мята” лаундж барында болған.

Оқиға орнына полиция, жедел жәрдем, сот-медициналық сарапшылар барды.

Өткен-кеткендердің айтуынша, төбелес болып, атыс болған. Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі Бостандық аудандық полиция бөлімі аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғағанын хабарлады.