Маңғыстау облысында ер адам полицейлер мен жедел жәрдем қызметкерлеріне шабуыл жасады
Оқиға 20 қыркүйекте Бейнеу ауданында түстен кейін болған
Маңғыстау облысында масаң күйде болған ер адам дәрігерлерге шабуыл жасап, артынша полиция қызметкерін жарақаттаған, деп хабарлады Өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Оқиға 20 қыркүйекте Бейнеу ауданында түстен кейін болған.
Билік өкіліне қатысты қатер төндіру немесе зорлық-зомбылық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары қолға алынды. Ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Жедел жәрдем қызметкерлері досы басына әйнек сұғып алғанын айтып, қоңырау шалған 40 жастағы әйелдің жағдайы бойынша шақырту орнына аттанған. Дәрігерлер оқиға орнына жеткенде ер адам жедел жәрдем көлігінің әйнегін сындырып, содан кейін фельдшерлерге де тап берген.