Жаһан

Бір күнде 23 тісін жұлдырып, 12 имплант салғызған ер адам қайтыс болды

massaget.kz

Хуан есімді ер адам Yongkang Deway Dental Hospital стоматологиялық емханасына барып, бір күнде 23 тісін алдырып, 12 имплант салғызған

Қытайдың Чжэцнян провинциясына қарасты Цзиньхуа қаласының тұрғыны тісін ретке келтіруді жөн көріп, өзі қалаған нәтижеге бірден қол жеткізбек болған, деп хабарлады turkystan.kz Massaget.kz-ке сілтеме жасап. 

Хуан есімді ер адам Yongkang Deway Dental Hospital стоматологиялық емханасына барып, бір күнде 23 тісін алдырып, 12 имплант салғызған.

Хуанның туыстары мұнша азаптаудан кейін оның үздіксіз қатты ауырып жүргенін, ал 13 күннен кейін жағдайдың тіптен қайғылы аяқталғанын айтады. Белгілі болғандай, ер адамның жүрегі тоқтап қайтыс болған.

"Бүгінде Yongkang Deway стоматологиялық емханасына қатысты тергеу басталды. Әзірге белгілі болғаны, науқасты емдеген дәрігердің тәжірибелі болғаны және пациенттің осыншалықты қауіпті емге өз келісімін бергені", - делінген хабарламада.

Желі қолданушылары дәрігердің өзінен көмек сұрап келген науқасты аяусыз қорлағанын айтып, құзырлы органдардан оған қатаң жаза қолдануды сұраған.

Сондай-ақ қайғылы оқиға туралы жазбаның астына тіс дәрігерлері де пікір білдіріп, бір уақытта ең көбі үш тісті алуға дайын екенін, онда да ол тістер босап тұрса ғана алуға болатынын, ал бірден 23 тісті жұлып тастау асқан сорақылық екенін жазған.