Қоғам

Петропавлда әскери қызметкер көз жұмды

Қорғаныс министрлігі

Оқиға орнында суицид туралы жазба табылды

Петропавлда келісім шарт бойынша әскери қызметкер көз жұмды, деп хабарлады turkystan.kz ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап. 

Биыл 21 қыркүйекте Петропавл қаласындағы үйдің бірінің жертөлесінде Қорғаныс істері Басқармасының келісімшарты бойынша әскери қызметшінің денесі табылды. Алдын ала ақпарат бойынша, келісімшарт бойынша әскери қызметші отбасылық-тұрмыстық жанжал негізінде өзіне-өзі қол жұмсаған. Оқиға орнында суицид туралы жазба табылды. Себептері мен жағдайлары анықталуда, – делінген хабарламада.