Спорт

Парижден кейінгі алғашқы дода: боксшылар халықаралық турнирде бақ сынайды

beksports.kz

Биыл бәсекеде ұлттық құрамадан бөлек, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Украина құрамаларынан спортшылар бақ сынайды

Бокстан ұлттық құраманың үздіктері Шымкентте өтетін Қарақозы Әбдәлиевті еске алуға арналған халықаралық турнирде жұдырықтасады, деп хабарлады ҚР Бокс федерациясы.

Биыл бәсекеде ұлттық құрамадан бөлек, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Украина құрамаларынан спортшылар бақ сынайды.

Турнирге Қазақстаннан төрт құрама қатысады. Алайда Ұлттық құраманың боксшылары арасынан Асланбек Шымбергенов, Қамшыбек Қоңқабаев және Нұрбек Оралбай бұл турнирге қатыспайтыны айтылған.

Айта кетейік, дода 29 қыркүйек пен 5 қазан аралығында Шымкент қаласында өтеді.