СҚО-да жас келіншек гаражда босанып, баланы қорапқа тастап кеткен
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады
Оқиға Ғабит Мүсірепов ауданының аумағында болған. 25 жастағы әйел қан кетумен аудандық ауруханаға жүгінген. Дәрігерлер тексеру кезінде науқастың босанғанын анықтап, полицияға хабар берген. Полицейлер әйелдің баланы гаражда қорапқа салып қалдырғанын анықтаған. Нәресте шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
Осы факт бойынша "қауіпті жағдайда қалдыру" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Барлық мән-жайлар анықталуда.
Айта кетейік, жас анаға ҚР Қылмыстық кодексінің 119-бабына сәйкес (қауіпті жағдайда қалдыру) 100 айлық есептік көрсеткішке дейінгі айыппұл салынуы немесе 45 тәулікке дейін қамауға алынуы мүмкін.