Алматыда тағы бір мектеп оқушысы 13-қабаттан құлап кетті
Алматы қалалық полиция департаменті қыздың қайтыс болғанын растады
Мәлімет бойынша, ол үйден қосымша сабақтарына бару үшін шыққан, бірақ оның орнына 13-қабатқа көтеріліп, сол жерден құлаған.
Алматы қалалық полиция департаменті қыздың қайтыс болғанын растады.
Бұл факті бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Сонымен қатар полиция интернетте тараған қыздың "Синий кит" қауіпті ойынын ойнағаны туралы ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін атап өтті.
«Әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде қайтыс болған баланың қауіпті ойындар ойнағаны және өлер алдындағы хат қалдырғаны туралы таралып жатқан ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлаймыз. Алматы қалалық полиция департаменті жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік бар екенін ескертеді және ресми дереккөздерге сүйенуге шақырады», - делінген хабарламада.