Қоғам

Астанада көпір үстінде тұрып дәрет сындырған ер адам 30 тәулікке қамауға алынды

Видеодан алынған кадр

Қаулы заңды күшіне енген жоқ

Астанада көпір үстінде тұрып дәрет сындырған ер адам 30 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлады turkystan.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

Астана қаласының Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында бір жыл ішінде ұзақ бұзақылықты екі рет қайталаған ер адамға қатысты үкім шықты. 

«Азамат Ц. қоғамдық орында бола тұра, көпірде дәрет сындырған, сол арқылы әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайтадан қоғамдық тәртіпті бұзған», - делінген сот хабарламасында.

Сот отырысы барысында құқық бұзушы өз кінәсін толық мойындады. Жасалған құқық бұзушылықтың мән-жайлары құқық бұзушылық туралы бейнежазбамен және құқық бұзушының жазбаша түсініктемелерімен расталады.

Сот қаулысымен Ц. ӘҚБтК-нің 434-бабының 2-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 30 тәулікке әкімшілік қамаққа алу түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.