Спорт

Бүгін футзалдан Қазақстан құрамасы Жаңа Зеландиямен ойнайды

kff.kz

Ойын 17:30-да «Qazsport» телеарнасының тікелей эфирінде көрсетіледі

Бүгін, 21 қыркүйекте футзалдан  әлем чемпионатының үшінші турында Қазақстан құрамасы Жаңа Зеландиямен ойын өткізеді.

Жарыс 14 қыркүйек пен 6 қазан аралығында Өзбекстанның Ташкент, Бұқара және Әндіжан қалаларында өтіп жатыр. Ұлттық құрамасы D тобында Испания, Ливия және Жаңа Зеландиямен ойнайды.

Ойын 17:30-да «Qazsport» телеарнасының тікелей эфирінде көрсетіледі.