Жаңалықтар

Ақсуда екі жасар ұлына айқайлай берген ана қамауға алынды

Ғаламтор

Ашушаң ананы ата-ана құқығынан айыруы мүмкін.

Ақсу тұрғыны екі жасар ұлына жиі дауыс көтеріп, айғайлай берген. Солай ұрсып жатқан сәттерінің бірінде оны полицейлер ұстаған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ол кезде келіншек ұлымен бірге құрбысының үйіне келіп, ішімдік ішіп отырған.

Әйел қамауға алынып, бала ауруханаға жатқызылған.

Павлодар облысының Полиция департаменті келіншектің 2023 жылдың маусымында бала тәрбиесіне қатысты міндеттерін атқармағын үшін жазаланғанын хабарлады.

Бірақ ол сабақ алмағанға ұқсайды.

Енді кәмелеттік жасқа толмағандар ісімен айналысатын комиссия оның ата-аналық құқығын шектеу мәселесін қарастыратын болады.