Жаңалықтар

Соңғы 5 жылдағы аса ірі браконьерлік фактісі: 640 келі балық аулаған тұрғындар қолға түсті

Астана тұрғындары Жөкей көлінде тор құрып, балықты заңсыз аулаған.

Браконьерлер «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында ұсталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Олар ерекше қорғалатын табиғи аумақта 19 қыркүйектің түнінде қолға түскен. Оған дейін жалпы салмағы 640,3 кг құрайтын 464 балықты аулап үлгерген. Оның 439-ы тұқы балық болса, 25-і мөңке балық.

Бұл «Бурабай» ұлттық паркінің аумағында соңғы 5 жылда тіркелген ең ірі браконьерлік фактісі болып отыр. Шығын көлемі 9 132 827 теңгені құрады.

Әрі қарай тергеу үшін іс материалдары Біржан сал аудандық полиция бөліміне берілді.