«Сөзі өзгеріп шықты»: Салтанат Бақаева ер адамдарға ренішін айтты
Өнер жұлдызы көлігін соққан белгісіз ер адамның өзін басынып сөйлегеніне ашуланған.
Өнер жұлдызы көлігін соққан белгісіз ер адамның өзін басынып сөйлегеніне ашуланған.
«Сонша асығып жүргенде осындай оқыс оқиғаға тап болдым. Бір аға келіп, көлігімді соқты. Қатты қорқып қалдым. Артымнан соққан машина алдымен өзімді кінәлады. Негізі, оныкі дұрыс емес. Қыздар, менің байқағаным, қыз деп ер-адамдар басынады екен. «Сіз оқыстан тоқтап қалғасын, мен тоқтап үлгермедім» деп өзімді кінәлады. МАИ қызметкерлерін шақырамын деді. Өзіме сенімді болғандықтан, «шақыра беріңіз» дедім. Бір кезде баламен жүр екенсіз, қанша төлейін деді. Мен жолдасыммен ақылдасамын деп, сол кісіге хабарластым. Бірден сөзі өзгеріп шықты. Жігіттер болып отырып, бір сәтте шешіп тастады. Соққан адамның да сөзі өзгеріп, менен кешірім сұрады. Біраз жұмыс кейінге шегерілді», – деді актриса.
Әнші қыз-келіншектерге оқыс жағдайға тап болғанда не істеу керегін айтты.
«Ер адам тоқтамай мені кінәлай бергесін, өзім де ойланып қалдым. Бірақ жол ережесін бұзбағанымды жақсы біліп тұрсам да, өзімді кінәлап жібердім. Көп қыз-келіншектің басындағы жағдай. Ер адам басына бергесін, жабылып қалады. Қыздар, ешқашан да өздеріңіз нақты білетін ақпараттан күмәнданбаңыз! Ешкімнің сізді басынуына хақысы жоқ», – деді өнер жұлдызы.