"Миллиардер деген ұғым болмауы керек, ақшаны қоғамға қайтару қажет": Билл Гейтс тосын мәлімдеме жасады

20 қыркүйек, 2024 / Ербұлан Қайрат
сурет: EPA-EFE/KAMIL ZIHNIOGLU
Мұндай салық салынса, оның 161 миллиард доллар болатын жеке байлығы «қарапайым ғана» 54 миллиард долларға айналар еді.

Билл Гейтс миллиардерлерден олардың байлығының 70%-ын салық ретінде алуды ұсынды, деп жазды businessinsider.com.

Мұндай салық салынса, оның 161 миллиард доллар болатын жеке байлығы «қарапайым ғана» 54 миллиард долларға айналар еді.

Миллиардерлердің бұл өмірде болуының өзі – ақылға қонымсыз. Мұндай қаржы қоғамға қайтарылуға тиіс, жай ғана жиналып тұрмауы керек, – деп мәлімдеді ол.

Оның пікірінше, мұндай салықтан түскен ақшаны білім беру, баспана және медицина салаларына жұмсауға болар еді.

 

Тэгтер:

ақша мәлімдеме қоғам Билл Гейтс