Жаңалықтар

Алматыдағы тоннельде 7 көлік соқтығысты (ВИДЕО)

видеодан скриншот

Зардап шеккендер бар.

19 қыркүйек күні кешкісін Алматы көшелерінің бірінде 7 көлік соғылып, жаппай жол-көлік апаты орын алды, деп хабарлайды turkystan.kz

Оқиға Әуезов ауданында, Саин мен Жұбанов көшелерінің қиылысындағы тоннельде болған.

«Тойота Камри» автокөлігінің жолаушысы зардап шекті. Ол ауруханаға жеткізілді. Әуезов ауданының Полиция басқармасының қызметкерлері апаттың мән-жайын анықтауға кірісті», - деп хабарлады Алматы Полиция департаменті.