Жаңалықтар

Әбілязов ісіне қатысты басты сот отырысының мерзімі белгіленді

ашық дереккөзі

Әбілязов ісіне қатысты басты сот отырысының мерзімі белгіленді

Алматы қаласының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Мартпек Кәкімжанов БТА Банктің бұрынғы басшысы Мұхтар Әбілязов ісіне қатысты басты сот отырысының 2017 жылдың 3 сәуірінде өтетінін жариялады. Бұл туралы  ҚазАқпарат хабарлады.  Судья қорғаушылар тарапының алдын ала сот тыңдауында мәлімдеген өтінішін қанағаттандырмады. Бірақ, сотталушы Мамештің қорғаушысы адвокат Клименкоға қылмыстық іс материалдарымен танысуға рұқсат берілді. Сонымен бірге, сот республикалық және өзге де қолжетімді БАҚ-та аптаның 3 жұмыс күні бойы жүргізілетін басты сот отырысының өтетін күні мен уақытын хабарлауды ұйымдастыру жөнінде қаулы шығарды. Еске сала кетсек, 17 наурыз күні аталған қылмыстық іс бойынша алдын ала сот тыңдауы өтті. Басты фигурант - Мұхтар Әбілязов белгісіз себептермен процеске келмеді. Отырыстың барлық қатысушылары сот талқылауын Әбілязовтің қатысуынсыз өткізуге қарсылық білдірген жоқ.