Жаңалықтар

Атырауда 4 жастағы бала терезеден құлап, мерт болды

istockphoto.com

Оқиға 19 қыркүйек күні кешкі сағат 16:43-те болған.

Сары-Арқа көшесінде орналасқан көп қабатты үйдің алтыншы қабатынан 4 жасар бала құлап кеткен, деп хабарлайды turkystan.kz.

2020 жылы туған сәби жедел жәрдем келгенде ауыр хәлде жатқан. Дәрігерлер баланың өмірі үшін қанша күрескенімен, ол ауруханада жан тапсырған.