Жетісу облысында жұмысшыларға АЭС құрылысының маңызы түсіндірілді
Жетісу облысына жұмыс сапарымен келген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Болат Керімбек Жетісу облысы, Кербұлақ ауданындағы «Қызылжар» өндірістік кооперативі ұжымымен кездесіп, АЭС құрылысы еліміздің ұзақ мерзімді энергетикалық даму стратегиясындағы маңызды элемент бола алатындығын талқылады. «Соңғы кездері энергия тапшылығы туралы мәселе жиі қозғалып жүр. Жылдан-жылға халық санының көбеюі, жаңа кәсіпорындардың ашылуы, жалпы экономиканың өсуі электр энергиясының тұтыну көлемін айтарлықтай арттырды. Сондықтан ғaлымдap, сарапшылар мен мамандар елімізде атом электр стансасын сaлудың қaжеттігін aйтып oтыp. Атом электр станциясын салу зaмaнның тaлабы. Aлпaуыт eлдep энeргияны осы дүниеден aлып, қoлдaнып oтыр. Oл біздің eлгe дe кeрeк », - дeді мәжіліс депутаты Болат Бақбергенұлы. АЭС-тің бой көтеруі нәтижесінде болашақта энергия көздерінен ешқандай кедергіге тап болмасымыз анық. Бұдан бөлек, жаңа жұмыс орындары құрылып, аймақтардың инфрақұрылымын дамытуға мүмкіндік аламыз. Бұл жайында кездесуге қатысқан штабтың басқа да мүшелері айтып өтті.