Жаһан

Қадыровтың пулеметпен жабдықталған Cybertruck көлігін Илон Маск «қашықтықтан өшіріп қойған»

Фото: Kadyrov-95\telegram

Көлік майданда «жауынгерлік тапсырмаларды тамаша орындаған»

 «Илон Масктың бұл ісі дұрыс емес. Қымбат сыйлықты шын жүректен береді де, содан кейін оны қашықтықтан өшірді», деп жазды Қадыров Telegram каналында.

Шешенстан басшысының айтуынша, көлік майданда «жауынгерлік тапсырмаларды тамаша орындаған», бірақ Маск жуырда Cybertruck көлігін қашықтықтан өшірген.

17 тамызда Рамзан Қадыров Илон Маск төбесінде автоматы бар Cybertruck бергенін және бұл көлік Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясына жіберілетінін хабарлаған. 19 тамызда Илон Маск бұл мәлімдемелерді жоққа шығарды.