Мейрамбек Бесбаев тағы да әке атанады (ВИДЕО)
Қуанышты хабарды Мархабат Бесбаева айтты.
Бұл туралы әншінің жары әлеуметтік желіде хабарлады, деп жазды turkystan.kz.
«Әйел үшін қуанышқа толы ең бақытты кездердің бірі - ол 9 ай құрсағында сәбиін көтеріп жүру болса керек. Аллаға шүкір, осы әдемі кезеңді мен де міне, үшінші рет басымнан кешудемін! Араға 9 жыл салып көрген қуанышымды сіздермен бөліскім келіп отыр. Біз сені қатты күтудеміз, сәбиім! Сәби күтіп жүрген әр әйелге жұғысты болсын», - деп жазды әншінің жары Мархабат Бесбаева.