Жаңалықтар

Қызылордада көше шамдарын сындырған екі қыз ұсталды

Сурет: www.istockphoto.com

Олар 12 және 16 жастағы қыз балалар болып шықты.

Қызылордада полиция қызметкерлері көше шамдарын сындырған екі жасөспірімді ұстады, деп хабарлады turkystan.kz. "Бұзақы жастар бейнебақылау камераларының көмегімен ұсталды. ЖБО инспекторлары көше шамдарын сындырып жатқан екі жасөспірімді байқап, оқиға орнына жақын маңдағы полиция қызметкерлерін жіберді. 12, 16 жастағы екі жасөспірім қыз ұсталды. Олар қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапқа тартылатын болады. Осы дерек бойынша қылмыстық іс тіркелді, тергеу жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі. Жасөспірімдердің ата-анасы да жауапқа тартылады.