73 жастағы анасын ұрып-соққан Ақмола облысының тұрғыны қамауға алынды

19 қыркүйек, 2024 / Дана Ізтілеуова
www.istockphoto.com

Ақмола облысының тұрғыны қарт анасын ұрып-соққаны үшін қамауға алынды, деп хабарлайды turkystan.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

17 қыркүйек күні Ақмола облысына қарасты Аршалы ауданының 73 жастағы тұрғыны түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілген.  

Тексеру шаралары кезінде белгілі болғандай, кейуананың 1991 жылғы ұлы туған анасын ұрып-соққан. Полиция бөлімі сотқа дейінгі тергеу жұмысы басталып, сот-медицина сараптамасы тағайындалды.

Тэгтер:

Ақмола облысы Ақмола тұрғын ұрып-соғу анасы