Жаңалықтар

Алматыда жол талғамайтын автокөлік үш адамды қағып кетті (ВИДЕО)

видеодан скриншот

Жол апаты 18 қыркүйек күні Алматы көшелерінің бірінде болған.

Жол талғамайтын Lexus автокөлігі жаяу жүргіншілер жолағында кетіп бара жатқан адамдарды қаққан, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оқиға басқа көліктің видеотіркегішіне түсіп қалған.  Видеодан BMW және Lexus көліктерінің бір-біріне соғылып, кейін Lexus көлігінің адамдарды қаққанын көруге болады.

«BMW маркалы көлігінің жүргізушісі Уәлиханов – Сәтпаев көшесінің қиылысында келе жатып, «Жол бер» деген белгі тұрса да, жол бермей, Lexus көлігімен соғылған. Нәтижесінде Lexus көлігі жол белгісі мен жаяу жүргіншілерді қаққан», - деді Алматы полициясы.

Апат салдарынан үш жүргінші мен Lexus көлігінің жүргізушісі зардап шеккен.

Медеу ауданының Полиция басқармасы оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.