Тимур Турлов Қазақстан футбол федерациясының президенті болып сайланады
Қазақстандық кәсіпкер Тимур Турлов таяу уақытта Қазақстан футбол федерациясын басқармақ, деп жазды Meta-ratings.kz сайты.
QJ League қамқоршылар кеңесінің төрағасы Турловтан Қазақстан футболында тәртіп орнатуға қабілетті адам ретінде көретінін жеткізген. Турловтың өкілдері қазірдің өзінде Қазақстанның бінеше өңіріне барып, облыстық федерациялардың функционерлерімен кездесіп жүр.
Федерацияның қазіргі президенті Әділет Барменқұлов Қазақстан Премьер-лигасындағы клубтардың бірінде басшылық қызмет атқаруы мүмкін.
Естеріңізге сала кетейік, Барменқұлов 2022 жылдың ақпан айының соңында Қазақстан футбол федерациясының президенті болып сайланған болатын.