Павлодарда студент оқытушыға пышақ сұққан

19 қыркүйек, 2024 / Админ
istockphoto.com
2007 жылы туған бозбала ұсталды.

Павлодарда колледж студенті оқытушыға пышақ сұғып алды, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Аталған факті бойынша тергеу жұмыстары басталды. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін құқық қорғау органдарының қызметкерлері студентті ұстады», - делінген полиция баспасөз хабарламасында.

Денсаулық сақтау басқармасы оқытушының арқасына пышақ сұғылғанын айтты. Қазір жәбірленуші хирургия бөлімшесінде ем алып жатыр, жағдайы тұрақты.

Тэгтер:

Павлодар студент