Жаңалықтар

АЭС салу мәселесі қаржыгерлермен талқыланды

Жетісу облысындағы Халықтық штаб мүшелері Талдықорған қаласындағы Halyk Bank ұжымымен өткізді. Жиын барысында атом электр стансасының экономикалық тұрғыдан елге әкелетін пайдасы сөз болды. Басқосуда атом электр стансаның құрылысы мен оның экономикалық пайдасы кеңінен талқыланды. 

Атом электр стансалары бар мемлекеттер соның ішінде әсіресе, уран өндіру және ядролық отын өндірісі бар елдер тек көмір немесе газ энер-гиясына негізделген елдерге қарағанда әлдеқайда дамыған деп есептеледі. Әлемде экономикасына АЭС пайда әкеліп отырған елдер аз емес.

«АЭС қалдықтары олардың түріне және технологиясына байланысты сақталуы не қайта өңделуі мүмкін. 1 жылдың ішінде АЭС шамамен 80 кг радиактивті қалдықтар шығарады. Мысалы, пайдаланылған ядролық отын қалдық болып саналмайды, өйткені оны қайтадан энергия көзі ретінде пайдалануға болады. Яғни сыйымдылығына қарай оны арнайы бөшкелерде сақтайды», – дейді Жетісу облыстық мәслихат төрағасы Гүлнар Тойлыбаева. 

Қазіргі уақытта әлем бойынша 415 ядролық энергетикалық реактор жұмыс істеп тұр және тағы 62-сі салынцда.  АЭС-тердің ең көп саны АҚШ-та – 94 реактор, Францияда – 56, Қытайда – 56, және Жапонияда – 12 реактор бар екендігін атап өткен жөн.

«АЭС құрылысы электр энергиясының тапшылығын қысқартуға, тарифтердің өсуін тежеуге, экологияны жақсартуға және энергетикалық тәуелсіздікті қамтамасыз етуге қол жеткізудің сенімді тәсілі, өйткені көмір станцияларының экология мен адам денсаулығына әсері теріс. Атом энергетикасы барлық параметрлердің, соның ішінде электр энергиясының құны бойынша оңтайлы таңдау», – дейді «AMANAT»  партиясы Жетісу облыстық филиаланың төрағасы Арыстанғали Арын. 

Банк ұжымы атом электр стансаның қоршаған орта мен қоғамға тигізетін зардаптарына алаңдаушылықтарын да жасырмады. Өз тарапынан штаб мүшелері атом энергетикасының қауіпсіздігі жаңа деңгейге көтерілгенін жеткізді. III+ буын реакторларының конструкциясына қосымша қауіпсіздік мүмкіндіктері қосылды. Нәтижесінде станса  қызметкерлерді эвакуациялау және электр қуатын өшіру жағдайында жұмыс істей алады.