Сыныптастары жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген қыз: 13 күдікті анықталды
16 жастағы қызды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлегендер мен зорлық-зомбылықты тікелей ұйымдастырғандар қамауға алынды.
Ішкі істер вице-министрі Игорь Лепеха Қызылордада сыныптастары қорлаған оқушы қыздың ісіне қатысты тергеудің егжей-тегжейін айтып берді, деп хабарлады turkystan.kz сайты Stan.kz басылымына сілтенме жасап
Вице-министрдің сөзінше, қазір бұл іске қатысты 13 айыпталушы ұсталды.
«Олардың екеуі үйқамаққа алынды. Қазір бірқатар баптар бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұдан басқа ештеңе айта алмаймын. Себебі іске қатысты мәліметтер тергеушінің құзыретінде», – деді Лепеха.
Оның айтуынша, 16 жастағы қызды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлегендер мен зорлық-зомбылықты тікелей ұйымдастырғандар қамауға алынды.
Алайда вице-министр ұсталғандардың қаншауы кәмелет жасына толмағандар екенін нақтыламады.
«Тергеу бұл мәселені қарап жатыр. Біз қызға клиент болған адамдардың барлығын тексереміз», – деді Лепеха.