Жаңалықтар

АЭС құрылысы Қазақстан экономикасы үшін жаңа мүмкіндіктер ашады

Халықтық штаб

АЭС құрылысы еліміздің ұзақ мерзімді энергетикалық даму стратегиясындағы маңызды элемент болмақ.

АЭС салуды қолдау жөніндегі Қазалы аудандық Халықтық штабының ауыл тұрғындары, түрлі сала өкілдері және еңбек ұжымдарымен жоспарлы кездесулері жалғасып жатыр. Бүгін аудандық Халықтық штаб төрағасы Ғазиз Әліш және штаб мүшелері Нұркен Ботабаев пен Роза Асанова Қазалы орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекеме қызметкерлерімен кездесті.

Кездесуде АЭС құрылысы энергия тапшылығын жою үшін сенімді және экологиялық таза қуат көзі екендігі, еліміздің ұзақ мерзімді энергетикалық даму стратегиясындағы маңызды элемент бола алатындығы туралы айтылды.

«Жыл сaйын элeктр қуaтын пaйдaлaну күннeн күнгe aртып кeлeді. Бұл көрсеткіш алдағы 10 жылда энергия тапшылығына алып келуі мүмкін. Осы бағыттағы мәселелерді шешу үшін қазірден бастап белгілі қадамдар жaсауымыз қажет. Сoндықтaн, oсы сaлaдaғы ғaлымдap, сарапшылар мен мамандар елімізде атом электр станциясын сaлудың қaжеттігін aйтып oтыp. Атом электр станциясын салу зaмaнның тaлабы. Aлпaуыт eлдep энeргияны осы дүниеден aлып, қoлдaнып oтыр. Oл біздің eлгe дe кeрeк», - дeді штаб төрағасы Ғазиз Әліш.

АЭС-тің бой көтеруі нәтижесінде болашақта энергия көздерінен ешқандай кедергіге тап болмасымыз анық. Бұдан бөлек, жаңа жұмыс орындары құрылып, аймақтардың инфрақұрылымын дамытуға мүмкіндік аламыз. Бұл жайында кездесуге қатысқан штабтың басқа да мүшелері айтып өтті.

Кездесу соңында мекеме қызметкерлері өз ойларын ортаға салып, болашақ үшін қажет деген пікір білдірді.

Сондай-ақ, Бейнеуде АЭС салуды қолдау жөніндегі халықтық аудандық штаб мүшелері "Бейнеусусервис" МКК қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы талқыланып, шараға қатысушылардың сұрағына жауап берілді.Сонымен қатар Мемлекет басшысының жалпыхалықтық референдум өткізу бастамасын қолдау мен еліміздегі энергия тапшылығы, энергетикалық тәуелсіздік мәселесінің өзектілігі айтылды.

- Атом электр станциясының құрылысы Қазақстан экономикасы үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Нақтыласақ, энергетикалық және өнеркәсіптік өндірісті дамытуға ықпал етеді, заманауи технологияларды енгізіп, қоршаған ортаға зиянды заттардың шығарындыларын азайту арқылы экологиялық жүктемені азайтады. Айта кетейік, атом электр стансасы 60 жылдан астам уақыт бойы тұрақты энергиямен қамтамасыз етеді, - деді штаб төрағасының орынбасары Ардақ Бораш.